Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия президентін Ақордада қарсы алды

28 қазан, 2025 / Інжу Әлихан
Ақорда

«Ақорда» резиденциясында Финляндия президентін қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл – Александр Стуббтың Президент ретінде елімізге алғашқы ресми сапары.

Мемлекет басшылары бұған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Нью-Йоркте кездесті.

Суоми Қазақстан экономикасына 2005 жылдан бері жарты миллиард долларға жуық инвестиция салған.