Екібастұзда автокөлік бағанға соғылды, зардап шеккендер бар

28 қазан, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Екібастұз маңында автомобиль бағанаға соғылып, салдарынан жолаушылар жарақат алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жол-көлік оқиғасы 27 қазанда болған. Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі алдындағы көліктен озып өтпек болған.

«Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, ол Toyota Camry көлігімен соқтығысқан. Кейін қозғалыс бағытын өзгертіп, сыртқы жарық шамының бағанасына соғылған», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Chevrolet көлігінің жолаушылары медициналық көмек алу үшін ауруханаға жүгінді. Полиция аталған оқиға бойынша тексеріс жүргізіп жатыр.

 

Тэгтер:

Жол апаты Автокөлік баған