Ақтаудағы тұрғын үйдің жертөлесінде газ жарылып, 5 адам зардап шекті

Бүгін, 10:44 / Інжу Әлихан
Маңғыстау облысы ТЖД

28 қазан күні сағат 09:03-те 32В шағын ауданындағы тұрғын үй кешенінің жертөле бөлмесінде газ-ауа қоспасы жарылып, бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнына департаменттің 11 қызметкері мен 4 техника бірлігі жұмылдырылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жарылыс салдарынан үш ересек адам мен 2010 және 2015 жылы туған екі бала зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді.