«Бір өлімнен аман қалды»: Айнұр Тұрсынбаева өмірінде қиын жағдай болғанын айтты

Бүгін, 10:32 / Інжу Әлихан
жеке парақшасынан

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева желідегі жазбасымен көпшілікті алаңдатып қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі анасы сырқаттанып, бір өлімнен аман қалғанын айтты. 

«Соңғы 3 күн өте ауыр өтті. Миым да, жүрегім де тоқтап қалғандай болып еді, бәрі артта қалған сияқты. Аллаға шүкір! Дәрігерге алғысымыз шексіз! Анамыз бір өлімнен аман қалды! Алла жақындарымызды аман қылсын!», – деп жазды ол.