Маңғыстауда екі автокөлік жылқыға соғылып, екі адам қаза тапты

28 қазан, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Бейнеу – Шетпе – Ақтау тас жолында жол апаты болып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полицияның мәліметінше, 26 қазан күні сағат 07:30 шамасында кезекші бөлімге Бейнеу – Шетпе – Ақтау тас жолында болған жол апаты туралы хабар түскен.

Анықталғандай, Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі жылқыны қағып кеткен. Оның артынан келе жатқан Nissan Teana көлігі де инерциямен сол жануарға соғылған.

Апат салдарынан Mercedes-Benz көлігіндегі екі жолаушы алған жарақаттарынан көз жұмған.

«Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін абайсызда бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады ведомство.

Тэгтер:

Автокөлік Жылқы Маңғыстау ат