Түркияда 6,1 балдық жер сілкінісі болды

Бүгін, 05:54 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Түркияның Балыкесир провинциясындағы Сындыры ауданында 6,1 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Апаттар және төтенше жағдайларды басқару басқармасының (AFAD) мәліметінше, дүмпу сағат 22:48-де тіркеліп, оның тереңдігі шамамен 5,99 шақырым болған. Жерасты дірілі Мармара мен Эгей аймақтарындағы елді мекендерде, әсіресе Ыстамбұл мен Измир қалаларында сезілді.

Report агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісінен кейін үш ғимарат пен бір дүкен қираған. Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликаяның айтуынша, қираған нысандар пайдалануға берілмеген, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.