«Қазгидромет» еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады

27 қазан, 2025 / Өтей Торғайұлы
Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» ресми сайтында Астана мен басқа да қалалар тұрғындарына арналған ескерту жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ескерту алдағы сейсенбіге арналған ауа сапасы болжамына байланысты.

«2025 жылғы 28 қазанда Қостанай, Қарағанды, Теміртау, Семей, Астана қалаларында, сондай-ақ түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазгидромет 28 қазан, сейсенбіге еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялаған болатын. Атап айтқанда, Астанада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Сондай-ақ тұман Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында, Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында, Абай облысының солтүстігі, оңтүстігі мен орталық аудандарында да болжанған.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және Атырау қаласында да тұман күтіледі.
 

Тэгтер:

ауа райы Астана қолайсыз