Петропавлда Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 13 адамды өрттен аман алып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өрт Болатбаев көшесіндегі үйлердің бірінің балконында шыққан. 5 шаршы метр аумақты шарпыған жалынды өрт сөндірушілер дер кезінде сөндіріп үлгерген. Олар балкон арқылы пәтерлерге кіріп, тұрғындарды көшірген.
«Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрт темекі шеккеннен шыққан», - делінген хабарламада.