«Қандай жақсы адам еді»: Ердос Қанаевтың отбасында қайғылы жағдай болды

Бүгін, 17:15 / Алуа Арман
Әлеуметтік желі

«Жігіттер» тобының әншісі Ердос Қанаевтың отбасы қара жамылды. Әншінің әкесі дүние салған, деп жазады turkystan.kz.

Бұл туралы әріптесі Бағлан Әбдірайымов хабарлады. Ол желіде Ердосқа көңіл айтқан.

«Ердос, досым! Қайғыңа ортақпын! Қандай жақсы адам еді. Әмзехан көк, Алла жұмақты нәсіп етсін», - деп жазған ол.

Тэгтер:

Ердос Қанаев Жігіттер квартеті