ЖИ дәуірі бай мен кедейдің арасын одан ары алшақтатады – атақты экономист

Бүгін, 18:45 / Ербұлан Қайрат
сурет: iprofinance.ru

Зумерлердің болашағы туралы әңгіме оптимизмнен гөрі есепке келіп тіреледі. Экономист Гэри Шиллингтің ойынша, жасанды интеллект еңбек өнімділігін арттырғанымен, оның негізгі пайдасы еңбекке емес, капиталға жинақталуы ықтимал, деп хабарлайды turkystan.kz business insider-ге сілтеме жасап.

Бұл – «нейрожелілер бәрін автоматтандырады, ал біз еркін өмір сүріп, пассив табысқа көшеміз» деген танымал уәдені су сепкендей басатын тұжырым.

Шиллингтің пайымдауынша, технология орташа жалақылы мамандықтарды қысқартып, табыстарды шеткі екі полюске ығыстырады: бір жағында аса жоғары білікті азшылық, екінші жағында төмен ақыға көпшілік қызмет. Осы арада білім, баспана, денсаулық құны үнемі өсіп отырады, жалақы өсімі оны қуып жете бермейді.

Нәтижесінде зумерлер ата-анасынан көп жұмыс істеп, бай-кедей арасы қатты алшақтаған ортада өмір сүру қаупімен бетпе-бет келеді. Дегенмен, бұл үміт жоқ деген сөз емес. ЖИ жаңа кәсіптер мен нарықтар тудырады, ал оған ерте бейімделгендер ұтады: тез үйрену қабілеті, дербес жобалар, акциялар мен опциондар арқылы меншіктік үлес жинау, нарық пен географияға икемді көшу – бәрі де болашақ табыстың тетігі.

Бүгінгі прагматикалық қорытынды мынау: еркіндік пен пассив кіріс «өздігінен келетін» сый емес, технологиямен бірге келетін жауапкершілік.

ЖИ-ді тұтынушы ретінде ғана емес, құн жасайтын құрал ретінде игергендердің жолы болады. Естеріңізге сала кетейік, Шиллер – 2008 жылғы дағдарысты дәл болжаған экономист.

Тэгтер:

Кедей ЖИ бай орта тап Шиллинг