Қазақстандық спортшы Максим Сажнев Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Бүгін, 07:57 / Нұрлан Әлинұр
Спорт комитеті

Бахрейнде өткен III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ерлер арасындағы диск лақтыру жарысының финалында Максим Сажнев 63,23 метр нәтижемен алтын медаль жеңіп алды. 

Бұған дейін шымкенттік спортшы U-18 санатында Қазақстан рекордын жаңартып, 38 жыл бойы жаңаланбаған Виктор Горелышевтың жетістігін артта қалдырған еді.

Сол кезде Максим дискіні 59,71 метрге дейін лақтырып, жаңа ұлттық рекорд орнатқан болатын.