«Балаңнан өшімді аламын деді»: Әли Оқапов інісі Мәдиді жиі ренжіткенін айтты

Бүгін, 06:53 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Әнші Роза Рымбаеваның тұңғышы Әли Оқапов «КЕШREC» бағдарламасында інісі Мәди Оқаповтан не үшін жиі кешірім сұрайтынын айтты деп хабарлайды turkystan.kz

Ол Мәдиден жиі кешірім сұрап жүретінін айтты.

«Өйткені кішкентай кезінде үлкендік жасағаным есіме түсе береді. «Тым артық кеткен кездерің көп болды» деп өзі де айтқан. Бірақ кешіріп, бәрін түсінген сияқты. Дәл қазір жақын араласамыз. Енді менің кезегім келді, Зейіннен өшімді аламын деп әзілдейді. Мен ағасы ретінде қалай тәрбиелесең де өзің білесің деп бірден айттым.

Оған араласпаймын дедім. Бірақ біздің отбасымыздағы ең жұмсақ адам Мәди ғой. Жүрегі кең. Ешқашан біреуге ренжігенін, біреуге қаталдық танытқанын көрмедім. Барлығын кешіреді, барлығына көмектесіп жүреді», - деді өнер иесі.