Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 06:12 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Синоптиктер еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«2025 жылғы 27 қазанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қостанай, Көкшетау, Ақтөбе, Астана қалаларында күтіледі», делінген «Қазгидромет» РМК-нің хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.