Таеквондошы Нұрәлі Махмұт Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды

26 қазан, 2025 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Қазақстан құрамасының таеквондошысы Нұрәлі Махмұт Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды.

63 келіге дейінгі салмақтың финалында ол өзбекстандық Омадбек Отабековке есе жіберді.

Кездесу 2:1 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, бұған дейін Евгений Васенкин 55 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған болатын.