Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының орынбасары ауысты. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының өкімімен Қанатай Жорабекұлы Далматов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды", -делінген ресми хабарламада.