Ертең елімізде ауа райы қандай болады

26 қазан, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

"Қазгидромет" 2025 жылғы 27 қазанда Астана және 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 27 қазанда түнде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 27 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 27 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 27 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 27 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-18 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Павлодар қ.: 27 қазанда тұман күтіледі.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 27 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 27 қазанда жоғары өрт қаупі күтіледі.

Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігнде, оңтүстігінде, тұман күтіледі. Петропавл қ.: 27 қазанда түнде және таңертен тұман күтіледі.