Тоқаев Кэтрин Конноллиді Ирландия Президенті болып сайлануымен құттықтады

26 қазан, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кэтрин Конноллиді Ирландия Президенті болып сайлануымен құттықтады.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Сіздің басшылығыңызбен Ирландия дамудың даңғыл жолын жалғастыратынына сенімдімін. Астана мен Дублин арасында шынайы достық пен өзара қолдауға арқа сүйеген ұзақмерзімді серіктестік орнаған. Өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, қос халықтың игілігіне қызмет ететін жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін Өзіңізбен бірлесіп күш-жігер жұмсауға дайынмын, – деп жазылған жеделхатта.