Тоқаев Трампқа хат жолдады

26 қазан, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Руслан Желдібай

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампқа хат жолдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қарашада Вашингтонда өтетін Орталық Азия – АҚШ форматындағы саммитке қатысуға шақырғаны үшін президент Дональд Трампқа шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады.

Мемлекет басшысы аталған бастама дер кезінде көтеріліп отыр деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі мақсаттарын, атап айтқанда, ақыл-парасатқа негізделген дәстүрлі құндылықтарға беріктігін, сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғауға ұмтылысын қолдайды.