Шымкентте Республика күніне орай ұйымдастырылған отшашу кезінде құрғақ шөп жанып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әлепуметтік желілерде оқиға орнынан видео тарады.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ашық алаңда 250 шаршы метр аумақта құрғақ шөп жанған.
"Ешкім зардап шеккен жоқ. Өртті сөндіруге 18 қызметкер мен 4 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды", – деп хабарады ведомство.
Өрттің сағат 23:50-де сөндірілген.