"Қайрат" екінші жыл қатарынан Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін, 17:18 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ФК ҚАЙРАТ

Алматылық «Қайрат» клубы футболдан 2026 жылғы Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Премьер-лигасының соңғы турында Алматының "Орталық" стадионында "Қайрат" пен "Астана" командалары чемпиондық атаққа таласты.

Ел ішінде "Ел классикосы" атанған, алтынға басты үміткер қос команда арасындағы ойын тартысты өтті. Кездесудің 15 минутында елордалық команданың капитаны Марин Томасов есепті бірінші болып есеп ашса, 56-минутта "Қайраттың" сұрмергені Дастан Сәтпаев чемпионаттағы өзінің 14 голын соқты. Соңғы секундта Томасовтың есепті еселейтін мүмкіндігі туған еді, алайда доп қақпадан қисық кетті.

Осылайша, "Қайрат" екінші жыл қатарынан чемпион атанды. Үздік үштікті "Тобыл" клубы түйіндеді.