«Жаңа адамдар» жастар қозғалысы Республика күнімен құттықтады.
"Біздің әрқайсымыз – еліміздің бір бөлшегі.
Бірі рингте күреседі, бірі сахнадан шабыт береді. Бірі сурет салады, бірі бейнеге түсіреді. Әркім өз ісімен айналысады — бәріміз бірге Жаңа Әділетті Қазақстанды құрамыз.
Республика күні жай ғана күнтізбедегі күн емес. Бұл – оны құрып жатқан адамдардың күні. Бұл – біз, жауапкершілікті өз мойнымызға алып, әрекет етіп, өзгерістерді өзімізден бастауымыз. Ел – басқа бір жерде емес екенін түсіну.
Ел – деген біз. Бұл – мен. Мен - Қазақстанмын. Мерекеңмен, Қазақстан!
Әр күн — біз өмір сүргіміз келетін ел үшін жасалған қадам болсын!", – делінген жазбада.