Тоқаев Аустрия президентіне құттықтау жолдады

Бүгін, 10:41 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады

Ақорда мәліметіне сәйкес, президент құттықтау жеделхатында Астана мен Вена арасындағы саяси диалогтың, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өткен.

"Сонымен қатар екіжақты серіктестікті нығайту жолында күш-жігер жұмылдыру арқылы ықпалдастық жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді", - делінген Ақорданың ресми хабарламасында