Марат Ирменов ҰҚК төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды

25 қазан, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Хабар тв

Марат Ирменов ҰҚК төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бүгін тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметте Қанатай Далматов болған. Бүгін президенттің өкімімен ол лауазымынан босатылды.