Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

25 қазан, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Ақорда

Ақорда» резиденциясының алдындағы алаңда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне және Қазақстанның Егемендік туралы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті.

Бұл туралы Ақорданың аспасөз қызметі хабарлады.

Құрмет қарауылының бастығы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұраны орындалды.

Мемлекеттік ту көтеру рәсімі барлық өңірде жалғасады.