Елена Рыбакина Токиодағы турнирді жалғастырудан бас тартты

25 қазан, 2025 / Нұрлан Әлинұр
ФОТО: Getty images

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Токио WTA 500 турнирінің финалынан тыс қалды. Жартылай финалға дейін жеткен отандық теннисші жарысты ары қарай жалғастырудан бас тартты. 

WTA ресми сайтының ақпаратына сәйкес, қазақстандық теннисші турнирді денсаулығына байланысты жалғастыра алмайтын болды. Рыбакина жартылай финалда әлемнің 17-ракеткасы, чехиялық Линда Носковамен кездесу керек болған.

"Өте өкінішті, мен бүгін ойнай алмаймын. Осы аптада арқам сыр берді, сондықтан 100 пайыз өнер көрсете алмаймын. Бүгін мені жанкүйерлерім көре алмайтынына қапалымын. Бірақ келесі жылы мені көреді деп үміттенемін", - деді Рыбакина.