Бүгін – кітапханашылар күні

Бүгін, 12:16 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

24 қазан – кітапханашылар күні. Кәсіби мереке елде 2022 жылдан бері аталып өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазір салада 20 мыңға жуық кәсіби маман тер төгіп жүр. Бүгінде ел аумағында түрлі деңгейдегі 12 мыңға жуық кітапхана тіркелген.

 «Кітапхана – ұлттың рухани дамуының тұғыры, білім мен мәдениеттің бастау бұлағы.

Ол тек ақпарат орталығы емес, халықтың тарихи жады мен рухани мұрасын сақтайтын қазына, ұлттық сананы кемелдендіретін орта. Мемлекет басшысы атап өткендей: «Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады». Сондықтан біз білім мен ғылымға ұмтылған қоғам қалыптастыруға ұдайы күш салуымыз қажет.

Бұл тұжырым салада еңбек етіп жүрген әр маманның жауапкершілігі мен абыройын айқын көрсетеді.

Қазір Қазақстанда 12 мыңға жуық кітапхана республикалық деңгейден бастап ауылдық елді мекендерге дейін халыққа қызмет көрсетеді. Соның 4 мыңға жуығы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағында. Бұдан бөлек, мектептер мен колледждерде, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарында жұмыс істейтін кітапханалар да қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыруға маңызды үлес қосып келеді. Бұл салада еліміз бойынша 20 мыңға жуық кәсіби маман еңбек етеді.

Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында еліміздің әрбір азаматы білімге жол тауып, рухани байлыққа қол жеткізіп отыр. Алдағы уақытта да ұлт болашағын тәрбиелеу, қоғамның мәдени деңгейін көтеру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытындағы қызметтеріңіз жемісті болсын», – делінген Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарламасында.

Тэгтер:

Кітапханашылар күні 24 қазан