«Бостандықтағы әр минутты бағалау керек»: Атырау облысында сотталған қыз өкінішін айтты

24 қазан, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Атырау облысындағы әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан 20 жастағы сотталған қыз істеген ісіне өкініш білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, бұрын жаман ортаға түсіп қалған. Туған-туысы жоқ. Балалық шағы балалар үйінде өткен.

«Қазір бостандыққа шығу үшін барымды салып жатырмын.  Жаңа өмір бастап, әрбір минутты бағалағым келеді, – дейді ол.

Сотталған қызбен үнемі психолог жұмыс істеп, оның бейімделуіне және болашаққа жоспар құруына көмектесіп келеді.