Президент еңбек культін ілгерілетуде жүйелі жұмыс жүргізіп келеді – Ерлан Қарин

Бүгін, 10:03 / Алуа Арман

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Президенттің еңбек культін ілгерілетуде жүйелі жұмыс жасап жатқанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек культін ілгерілету, жұмысшы мамандықтар мәртебесін арттыру саясатын жүйелі әрі жоспарлы түрде жүргізіп келеді. 

- Президент 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады.

- Мемлекеттік наградалар жүйесіне жаңадан 9 құрметті атақ қосылды: ғалымдар мен өнертапқыштар, инженерлер, архитекторлар мен құрылысшылар, кеншілер мен шахтерлер, геологтар, өнеркәсіп, көлік, су және аграрлық сала жұмысшылары үшін. 

- Елімізде 63 кәсіби мереке аталып өтіледі, Еңбек күніне ерекше маңыз берілген. 

- Жыл сайын еліміздің дамуына адал еңбегімен жеке үлесін қосып жүрген азаматтарға мемлекеттік наградалар тапсырылады. 

- Республика күні қарсаңында Президент түрлі салалардың 500-ден астам жұмысшысын, еңбек әулеттерінің 138 өкілін, 200-ден астам ғалымдар мен педагогтерді, медицина қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. 

- Ең жоғары мемлекеттік награда – «Қазақстанның Еңбек ері» атағы көп жылдық еңбек өтілі бар әрі еңбек әулеттерінің өкілі саналатын механизатор М.Қаражұманов пен шахтер С.Чернобайға берілді», – деп жазды ол Telegram арнасында.

Тэгтер:

Ерлан Қарин