Шерзат Полаттың отбасы жаңа үйге көшті (ВИДЕО)

24 қазан, 2025 / Інжу Әлихан
скриншот

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Полаттың отбасы жаңа баспанаға көшті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қуанышты хабарды адвокат Мейірман Шекеев мәлім етті.

«Қаржаубай отбасы халыққа алғысын білдірді.

Әуелі Алланың одан кейін Асқар , Асхат бауырларымыздың жомарттығының, Алматы облысы әкімдігінің қадағалап, жұмыла көрсеткен  бірлігінің және қарапайым халықтың дұғасының арқасында  Қаржаубай отбасына қуаныш силай алдық деп ойлаймын. Қаржаубайдың бауыры Перизатқада Алла разы болсын!

Гүлбарам ханымның жүзінен куанышпен күлкі көру біз үшін сол күні бақыт болды!!!

Осы қуаныштың орнауына тілектес болған барлық адамдарға Қаржаубай отбасының және өз атымнан алғыс білдіремін. Қазағымды бірлігінен ажыратпасын!», – делінген жазбада.

Еске сала кетейік, 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді. Оның өлімі қоғамда үлкен резонанс  тудырды. Марқұмның әкесі туыстарымен және жергілікті тұрғындармен бірге әділ тергеу жүргізуді талап етіп, наразылық ұйымдастырды. Бірнеше күннен кейін, 12 қазанға қараған түні Нұрымовтар отбасының үйі толығымен өртеніп кеткен болатын.

Тэгтер:

Шерзат Полат