Путин: Трамп келгелі бері АҚШ-пен қарым-қатынас нашарлады

Путин: Трамп келгелі бері АҚШ-пен қарым-қатынас нашарлады

Путин: Трамп келгелі бері АҚШ-пен қарым-қатынас нашарлады
ашық дереккөзі
Ресей президенті Владимир Путин Ресей мен АҚШ арасындағы сенім деңгейі АҚШ президенті Дональд Трамп қызметіне кіріскеннен бері төмендегенін мәлімдеді. Путиннің бұл туралы телеарнаға берген сұхбаты Кремльдің ресми сайтында 12 сәуірде, АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Мәскеуде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездескен күні жарияланды.
Путин ресей-америка қарым-қатынасы Трамп қызметіне кіріскеннен бері жақсарды ма деген сұраққа "Сенім деңгейі қалыпты деңгейде, әсіресе әскери деңгейде деуге болады, ол жақсарған жоқ, керісінше нашарлады" деп жауап берді. Путин Ресейдің Сирия президенті Башар Асад үкіметі 4 сәуірде бейбіт тұрғындарға қарсы жасалған химиялық шабуылға жауапты емес деген ұстанымын қайталады. Ол Ресей улы химиялық зат Сирия армиясы көтерілісшілердің химиялық қару жасайтын цехтарын бомбалағанда таралуы мүмкін, немесе шабуылды химиялық қарумен шабуыл жасалғандай етіп көрсетілген болуы мүмкін деп болжайтынын айтты. АҚШ пен басқа да елдер бұл болжамдарды "шындыққа жанаспайды" деп жоққа шығарады.