Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 06:21 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Синоптиктер еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Кazinform «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

— 2025 жылғы 24 қазанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қостанай, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент, Алматы, түнде Атырау, Астана қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.