«Қазгидромет» РМК 24 қазандағы ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде солтүстік антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың батысына, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында фронтальды бөлімдердің өтуінен жаңбыр жауады.
Еліміздің барлық аймағында түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болады. Солтүстік пен оңтүстік-шығыста жел күшейеді.
Түнде Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында 1-3 градус үсік жүреді.
Маңғыстау, Ұлытау облыстарында, Атырау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының орталығында және Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында да жоғары өрт қаупі сақталады.
Мұндай болжам Алматы облысының батысында, Қостанай және Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде де болжанған.
Төтенше өрт қаупі Қызылорда, Түркістан облыстарында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде сақталады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қостанай және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде де төтенше өрт қаупі бар.