«Оның ісімен айналысамын»: Коммитет төрағасы Қайрат Нұртастың қызына қатысты пікір білдірді

Бүгін, 05:24 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Қайрат Нұртастың қызы Алау Нұртасқа әлеуметтік желіде жиі бағытталатын сын мен буллингке байланысты Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті назар аудармақ.
Бұл туралы комитет төрағасы Насымжан Оспанова «Qogam news» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Журналист Динара Сәтжан сұхбат барысында танымал әншінің қызы әлеуметтік желіде жиі жағымсыз пікірлер мен шабуылдарға ұшырайтынын көтерді. Насымжан Оспанова бұл жағдайға бейжай қарамай, Алау Нұртастың құқықтарын қорғауға дайын екенін мәлімдеді.

«Мен бұл іспен айналысамын. Біз құқықтықта мемлекеттеміз, әлеуметтік желіде жағымсыз пікір білдіретіндерге жаза бар. Мен дәл қазір мұнымен айналысамын, ал өзі 111 номеріне хабарласса болады. Әркім өз ісімен айналысу үшін 111 номеріне хабарласу жеткілікті. Біз цифрлық мемлекетте жұмыс жасаймыз, сондықтан кез келген адамды табу қиын емес. Алғашқы ескерту 10 000 АЕК. Ал егерде «өзіне қол салуға» жеткізсе онда бұл қылмыстық іске айналады. Бұл жайлы сіздерден естіп отырғаным өкінішті, оның қайда оқитынын білу керек. Бізде демалыс деген жоқ. 111 номері де, QR арқылы да кез келген уақытта байланысуға болады. Осы жылдың ішінде 100 мыңға қоңырау келіп жетті. Осы қоңыраудан 35 мың адамның өмірін құтқарып қалдық», — деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.