Илон Маск Tesla компаниясынан $1 трлн сыйақы талап етті

23 қазан, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: caspianbarrel.org

Tesla компаниясының бас директоры Илон Маск компанияның Q3 табыс жөніндегі созвонында өзіне арналған 1 трлн долларлық төлем пакетін қолдауды сұрап, оған қарсы кеңес беріп отырған прокси-фирмаларды «корпоративті террористер» деп атады. Ол үшін негізгі мәселе ақша емес, Tesla-дағы шешімдерге жеткілікті ықпал ету үшін дауыс үлесін күшейту екенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz Forbes-ке сілтеме жасап.

Маск шақырылымның соңында ISS және Glass Lewis секілді прокси-кеңесшілерді ашық сынға алды. Бұл фирмалар акционерлерге төлем пакетін кері қайтаруды ұсынған.  

Ол «қатты ықпал беретіндей, бірақ есі ауысса қызметтен босатуға болатындай» деңгейде дауыс бақылауы қажет екенін айтты. Маск бұған дейін де «мәселе өтемақыда емес, Tesla-дағы ықпалды позицияда» деп жазған.  

Талқыланып отырған пакет тарихтағы ең ауқымдысының бірі. Бұған дейін жарияланған құжаттарға сай, толық көлемін алу үшін Tesla-ның нарықтық құнын шамамен 8,5 трлн долларға дейін өсіріп, бірқатар операциялық мақсаттарға жету қажет.  

Тэгтер:

сыйақы Илон Маск