Абай облысының әкімдігі Сара Тоқтамысоваға жаңа автокөлік табыстады

23 қазан, 2025 / Інжу Әлихан
instagram/sarkanai

Абай облысының әкімі Берік Уәли айтыскер ақын Сара Тоқтамысоваға жаңа көліктің кілтін табыстады. Бұл туралы ақын желідегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі бұған дейін «Алтын домбыра» байқауына қатысып, пәтер иеленген болатын.

«Қадірлі ағайын! Тағы бір сүйінші жаңалығымды бөліскім келеді. Абай облысының әкімі Берік Уәли ағамыз жеке қабылдап, Абай халқының атынан темір тұлпар мінгізді. Бұл менің еңбегіме ғана емес, айтыс өнеріне, Шығыс жұртының руханиятына жасалған үлкен құрмет деп білемін», – деп жазды ақын.

Айтыскер ақынның сөзінше, облыс әкімі жеңімпаздардың бәріне көлік сыйлауды дәстүрге айналдырған.

«Бүгінде Берік Уәлидің бастамасымен облыста руханият, мәдениет, спорт және өнер саласына ерекше көңіл бөлінген. Ол кісі өңір кәсіпкерлерімен тығыз байланыс орнатып, демеушілерді осы салаларға тартып отыр. Мысалы, Абай атамыздың 180 жылдық мерейтойында тоғызқұмалақтан өткен жарыстың жеңімпазына да автокөлік табысталған еді. Берік ағамыздың осындай игі бастамалары елдің еңсесін көтеріп, мәдениет пен руханияттың жаңа тынысын ашып отыр», – деп жазды Сара.