Семейлік жігіт қонаққа барған үйінен ұялы телефон ұрлап кеткен

23 қазан, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Семей қаласының 54  жастағы тұрғыны үйіне қонақ шақырған. Қонақтар тараған соң құны 150 000 теңге тұратын «Samsung» маркалы ұялы телефонының жоғалғанын байқаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері бірден күдіктінің ізіне түсті. Ол — 36 жастағы Семей тұрғыны болып шықты. Ер адам полиция бөліміне жеткізіліп, жасаған ісін мойындады. Алайда, ұрланған мүлікті сатып жіберген.

Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тэгтер:

Семей ұрлық телефон телефон ұрлау