Роналду еурокубоктағы 100-голын соқты

Роналду еурокубоктағы 100-голын соқты

Роналду еурокубоктағы 100-голын соқты
ашық дереккөзі
«Реал» шабуылшысы  Криштиану Роналду еурокубокта 100 гол салған алғашқы ойыншы атанды, деп хабарлайды Eurosport. Криштиану Роналду  «Реал» мен «Бавария» арасындағы ширек  финалдық матчта тағы бір қырынан көрінді. Ойынның бірінші кезеңінде мадриттіктер  0:1 есебімен ұтылып тұрған еді.Ал екінші таймда  жасындай жарқылдаған португалиялық допты екі рет қақпада тулатты. Екінші гол Криштиану үшін еуркубоктағы жүзіншісі болды. Мұндай биіктікті бұған дейін ешбір футболшы бағындыра алмаған еді. Міне енді Роналду Чемпиондар Лигасында – 97, Еуропа Суперкубогында -2, Чемпиондар Лигасының іріктеу ойынында 1 гол соғып, айды аспанға шығарып отыр. ҚазАқпарат