Ақтауда мас ер адам терезе арқылы өзгенің пәтерге кірген

23 қазан, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды , деп хабарлайды turkystan.kz.

Азамат К. 2025 жылдың 13 қазан күні мас күйінде Ақтау қаласындағы, 8-шағын ауданының, 22-үйінің бір пәтеріне терезе арқылы кіріп, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот отырысы барысында К. өз кінәсін толық мойындады.

Соттың қаулысымен К. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

 

Тэгтер:

Ақтау Терезе бұзақылы