Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді

Бүгін, 12:48 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

ТЖМ қарасты «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» (СБЗҰҒО) ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің деректеріне сәйкес, 2025 жылғы 23 қазанда Астана уақытымен сағат 12:20-де  жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сейсмикалық оқиғаның ошағы Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 136 шақырым жерде орналасқан. Магнитудасы – 4.9.

Алдын ала мәлімет бойынша, MSK-64 шкаласы бойынша Алматы қаласында жер дүмпуі сезілмеген.

Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, сейсмикалық жағдай тұрақты және қаланың инфрақұрылымына немесе тұрғындарға қауіп төнген жоқ.

Тэгтер:

Алматы Жер сілкінісі