Ақтөбеде жол апатынан қаза тапқан 12 адамның туыстарына көмек беріледі

Бүгін, 12:31 / Алуа Арман
polisia.kz

Ақтөбе облысында болған жол-көлік оқиғасын тергеу үшін Ішкі істер министрлігі арнайы топ жіберді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу жүргізу үшін ІІМ орталық аппараты тарапынан арнайы бортпен жедел тергеу тобы жіберілді.

«Тергеудің барысы ішкі істер министрінің жеке бақылауына алынды. Министрдің тапсырмасы бойынша жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарына жан-жақты көмек көрсетіледі, оның ішінде мәйіттерді жеткізу және жерлеу мәселелері де бар. Тергеуді жедел жүргізу және барлық қажетті рәсімдерді орындау үшін барлық шаралар қабылданады», – деді департамент бастығы, ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

Тэгтер:

Ақтөбе Жол апаты