Астрахан аудандық ұрлық және алаяқтық, яғни ақпараттық жүйеге заңсыз кіру арқылы қылмыс жасаған азаматқа қатысты қылмыстық іс қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ер адам «қоңырау соғып алайын» деп бұрынғы жұбайынан ұялы телефонын сұрап алып, қашып кеткен. Одан кейін ұрланған телефон мен бұрынғы жұбайының жеке деректерін пайдаланып, оның банк шотынан өз шотына ақша аударып, онлайн сауда жасаған.
Сот отырысында күдікті өз кінәсін мойындап, жәбірленушінің шығынын өтеді.
Жаза тағайындауда сот жеңілдететін жағдайлар деп шын жүректен өкінуін, кінәні мойындауын, зиянды ерікті түрде өтеуін және ауырлататын жағдайлардың болмауын ескерді.
Сот үкімімен күдіктіге 2 жыл 6 айға бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді және ол мәжбүрлі еңбекке тартылды.