Ақтөбе облысында екі көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты

Бүгін, 11:00 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

23 қазанда Самара – Шымкент автожолында, Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен «ГАЗель» жолаушылар көлігі соқтығысып, бірнеше адам қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүк көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында екі жүргізуші мен «ГАЗель» автокөлігінің 10 жолаушысы қаза тапты, тағы бес адам медициналық мекемеге жеткізілді.

Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.Анықталғандай, «ГАЗель» жолаушылар көлігі ресми түрде Т.Жүргенев ауылынан облыс орталығына жолаушылар тасымалдаумен айналысқан", - делінген ақпаратта. 

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жұмыс жасап жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Тэгтер:

Жол апаты Ақтөбе облысы