Атыраудағы көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары көрші пәтерден шыққан тұрақты жағымсыз иіс пен антисанитариялық жағдайға алаңдап, бұл туралы полицияға хабарлаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Желіде лас пәтердің видеосы тарады. Қабырғасы көгерген, кіре берістен бастап қалдыққа толған.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері пәтердің санитарлық талаптарға сай еместігін және тұрмыстық қалдықтармен толып кеткенін анықтады. Бөлме белгіленген санитарлық нормаларға сәйкес келмеген. Тексеру кезінде ішінде кәмелетке толмаған екі бала болған.
Әкімдіктің мәліметінше, мұнда ерлі-зайыпты екі және бес жасар баласымен тұрған.
Отбасы әлеуметтік қолдауды қажет етеді. Балалар «Сәбилер үйіне» және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
Қазір мамандар пәтерді қоқыстан тазартып жатыр.