Рамазан Айнегов триатлоннан Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды

Бүгін, 09:05 / Алуа Арман
olympic.kz

Триатлоннан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Рамазан Айнегов Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жарыс "суперспринт" бағдарламасы бойынша өтті.

Қазақстан намысын екі спортшы қорғады. Нәтижесінде Рамазан Айнегов екінші болып мәре сызығын кесті. Ал Артем Бедрин жетінші орын алды.

Жарыс жеңімпазы - қытайлық Ли Янсон, оңтүстіккореялық Ву Хён Кан үздік үштікті түйіндеді.

Тэгтер:

Азия ойындары күміс жүлде триатлон Рамазан Айнегов