Аяз: Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

Бүгін, 05:13 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Синоптиктер алдағы бейсенбіде, 2025 жылы 23 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Болжам бойынша, түнде Жетісу облысының солтүстігі мен орталығында сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.

Солтүстік антициклон еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын анықтайды. Республикамыздың батысында, солтүстік-батысында ғана солтүстік-батыс циклон әсерінен жауын-шашын болады деп күтіледі. Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі, еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында жел екпін алады деп болжанады, - деп жазды "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ Қазақстанның бірқатар өңірлерінде мынандай табиғи қатер байқалады:

жоғары өрт қаупі – Маңғыстау, Ұлытау облыстарында, Атырау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл өңірінің орталығында, солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, Алматы облысының батысында, Қостанай және Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде,
төтенше өрт қаупі – Қызылорда, Түркістан облыстарында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қостанай және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде.