Атыраулық полицей MMA бойынша Азия чемпионы атанды

Бүгін, 09:49 / Інжу Әлихан
Полиция. Фото: polisia.kz

Атырау облысы полиция департаментінің қызметкері, спорт пен қызметті қатар алып жүрген Аманжан-Қажы Сағынғалиұлы Nomad MMA бойынша өткен Азия чемпионатында 81 келі салмақ дәрежесінде І орынды иеленіп, чемпион атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

16-19 қазан аралығында Астана қаласында ұйымдастырылған байрақты додада ол барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, финалда да жоғары шеберлік танытты.

Айта кетсек, халықаралық деңгейде өткен бұл чемпионатқа 16 елден 800-ге жуық спортшы қатысып, өзара бақ сынады.

Бұл жеңіс полиция қызметкерлері арасындағы спорттық рухтың нығаюына зор үлес қосқан елеулі жетістік.

Қызмет пен спортты үйлестіре білген Аманжан-Қажы Сағынғалиұлының табысы – жас әріптестері үшін үлгі, ал қоғамда салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен серпін беретін маңызды жеңіс.