Қазгидромет 10 қалада ауа сапасы нашарлайтынын жариялады

Бүгін, 06:24 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Синоптиктер еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ға  сілтеме жасап.

«2025 жылғы 22 қазанда Петропавл, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Атырау, Шымкент, Алматы қалаларында, түнде Астана, Көкшетау қалаларында қолайсыз ауа райы күтіледі», делінген «Қазгидромет» РМК-нің хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.