Қақпашы Темірлан Анарбеков «Пафосқа» қарсы ойында жарақат алып қалды

21 қазан, 2025 / Өтей Торғайұлы
Ашық дереккөзден

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде қазақстандық «Қайрат» пен кипрлік «Пафос» ойнап жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында Дастан Сәтпаевқа төреші тарапынан ескерту ретінде сары қағаз көрсетілді.

Сондай-ақ, «Қайрат» командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков тағы да жарақат алып қалды. Соған қарамастан, қауіпті шабуылды сәтті тойтарып, командасын голдан аман алып қалды.

Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін Анарбеков алаңға қайта оралып, ойынды жалғастырды.

Тэгтер:

«Қайрат» командасы Темірлан Анарбеков