Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 538,56 теңгені құрап, 0,47 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Ұлттық банкінің 21 қазанға арналған ресми доллар бағамы – 538,12 теңге.
Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 539,02 теңге, сату бағамы – 540,87 теңге.
Астанада долларды орташа есеппен 537,4 теңгеге сатып алып, 543,42 теңгеге сатады.
Шымкент қаласында долларды орта есеппен 538,86 теңгеге сатып алып, 540,89 теңгеге сатады.
Еске сала кетсек, 13 қазандағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,16 теңгеге төмендеген еді, 14 қазанда – 0,92 теңгеге көтерілді, 15 қазанда – 0,63 теңгеге өсті, 16 қазанда – 1,6 теңгеге төмендеді, 17 қазанда – 1,32 теңгеге түсті, ал 20 қазанда – 1,64 теңгеге көтерілді.