Боксшы Сәкен Бибосынов Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін, 16:34 / Інжу Әлихан
Olympic.kz

Сәкен Бибосынов Семейде бокстан өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Түркістан облысының намысын қорғайтын Бибосынов жартылай финалда қызылордалық Нұрсұлтан Алтынбекті 5:0 есебімен жеңіп, Қазақстан чемпионы атанды.

Еске сала кетейік, Сәкен Бибосынов — 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2021 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ Азия чемпионаттарының жүлдегері (қола – 2021, күміс – 2022).

Қазақстан чемпионаты 21 қазанға дейін жалғасады. Турнир қорытындысы бойынша 2026 жылғы ұлттық құраманың жаңа құрамы жасақталмақ.

Тэгтер:

бокс Сәкен Бибосынов Қазақстан чемпионы